4 ақпан күні «Менің рухани құндылықтарым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Такенова А.Б. Көрмеге оқушыларда белсенді қатысты. Көрме рухани байлықтарға арналды. Оқушылар өзін-өзі тану пәнін қалай түсінетіндіктерін жүрекшеге жазу арқылы көрмені толықтырды.
Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме жүргізілді. Әңгімені әлеуметтік педагог Бучковская Т.В. өткізді. «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме 7 «Б» сынып оқушыларымен болды. Әңгіме барысында оқушылар сүйіспеншілік және мейірімділік терминдерін мағынасын талдаса, әңгіменің аяғында осы тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.