Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Жақсылықпен бір қатарда» атты флешмоб өткізілді. Флешмобты дене шынықтыру мұғалімдері Биржанов Т.К. және Антаев Р.К. мен өзін-өзі тану пән мұғалімі Чемдуж Т.Н. бірігіп ұйымдастырды. Флешмобты көрсетті 8, 9, 10 «Б» сыныптарының қыздары көрсетіп отырды. Балаларға флешмоб қызықты болды, сонымен қатар мұғалімдерде белсенді қатысты. 


4 ақпан күні «Менің рухани құндылықтарым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Такенова А.Б. Көрмеге оқушыларда белсенді қатысты. Көрме рухани байлықтарға арналды. Оқушылар өзін-өзі тану пәнін қалай түсінетіндіктерін жүрекшеге жазу арқылы көрмені толықтырды.

Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме жүргізілді. Әңгімені әлеуметтік педагог Бучковская Т.В. өткізді. «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме 7 «Б» сынып оқушыларымен болды. Әңгіме барысында оқушылар сүйіспеншілік және мейірімділік терминдерін мағынасын талдаса, әңгіменің аяғында осы тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. 

Бастауыш сыныптар арасында өткен "ЗИЯТ -юниор" атты жалпы қазақстандық қашықтық олимпиядасына 11 оқушы қатысыты. барлық оқушылар жіңімпаз атанды. Олар: 2 "Б", 3 "Б", 4 "Б" сынып оқушылары.

«Балаға жүрек жылуы» С.А. Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді. 9 «А» сыныбы С.А.Назарбаева арналған бейнефильмді талқылады. Ал 4 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Арсламбекова Л.К. бірге Сара Алпысқызының еңбек жолына шолу жасады. 7 және 8 «А» сынып оқушылары «Бөбек» қорының  негізін қалаған  Сара Алпысқызының өмірбаянымен танысты.

Опрос

Оцените работу сайта

Другие опросы...