Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Рухани байлық-тәрбие негізі» атты тақырыпта кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектеп кітапханашысы Павленко В.С. ұйымдастырды. Кітапханадағы көрмені тамашалауға мектеп оқушылары шақырылды. Кітап көрмесінде Сара Алпысқызының еңбектеріде орналастырылды.



Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Жақсылыққа әрбір сәт қымбат» атты суреттер сайысы өткізілді. Сайысты өзін-өзі тану пән мұғалімі Саргожина А.Е. өткізді. Оқушылар сүйіспеншілік және махаббат тақырыптарында өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар бұл сайыс жалғасын таппақ, яғни онкүндік аяқталғанша оқушылар өз жұмыстарын сайысқа тапсырады. Онкүндіктің соңында ең үздік суреттер жекелей марапатталады. 

Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Жақсылықпен бір қатарда» атты флешмоб өткізілді. Флешмобты дене шынықтыру мұғалімдері Биржанов Т.К. және Антаев Р.К. мен өзін-өзі тану пән мұғалімі Чемдуж Т.Н. бірігіп ұйымдастырды. Флешмобты көрсетті 8, 9, 10 «Б» сыныптарының қыздары көрсетіп отырды. Балаларға флешмоб қызықты болды, сонымен қатар мұғалімдерде белсенді қатысты. 


4 ақпан күні «Менің рухани құндылықтарым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Такенова А.Б. Көрмеге оқушыларда белсенді қатысты. Көрме рухани байлықтарға арналды. Оқушылар өзін-өзі тану пәнін қалай түсінетіндіктерін жүрекшеге жазу арқылы көрмені толықтырды.

Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме жүргізілді. Әңгімені әлеуметтік педагог Бучковская Т.В. өткізді. «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме 7 «Б» сынып оқушыларымен болды. Әңгіме барысында оқушылар сүйіспеншілік және мейірімділік терминдерін мағынасын талдаса, әңгіменің аяғында осы тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. 

Популярные новости

Опрос

Оцените работу сайта

Другие опросы...