Белсенді оқыту әдістері

Баяндаманың тақырыбы:

                           «Белсенді оқыту әдістері»




"Сабақ беру -үйреншікті жай ғана шеберлік емес, 

ол -жаңадан жаңаны табатын өнер"

Жүсіпбек Аймауытов

         

         21-ғасырда кез келген оқушының бойында зерттеу, проблеманы шешу, өз бетінше оқу, ынтымақтастық, деректерді өңдеу, жасау және жобалау дағдыла-рын қалыптастыру үшін белсенді оқу әдіс-тәсілдердің тиімділігі өте зор. 

         Белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдасты-ра отырып пайдалану  оқушы ойын  толық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағ-дыланып, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын жан-жақ-ты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашады. 

         Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттып, ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылар теориялық білімі мен практикалық білі-мін ұштастырып,  өмірде қолдана алуларына  дағдыланады. 

         Сабақта белсенді оқу әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу мұғалімнің ше-берлігіне байланысты. Ол үшін оқушының белсенділігін арттыратын және әрі қарай ізденуіне байланысты арналған тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге асыруға болады. Белсенді оқу арқылы оқушылардың қарым-қатынас дағдыла-рын   жақсарту үшін сабақтарды қызықты, әрі тартымды етіп құру. Әр түрлі бел-сенді оқу әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, сабақтың мазмұнын түрлендіре білу. Оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы  өзара байланысты жақсартады. Нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. 

         Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. 

         Бұл тәсілдер-оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау бары-сында жүзеге асырылатын құбылыс. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, әр түрлі әдіс-тәсілдер және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспек-тілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады.

         Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін түрлі тапсырмалар төмендегідей формада болса, оқушылар сабаққа бар қызығушылықпен қатысып, білім көзін өздігінше ізденуіне көп септігін тигізеді. Проблема шешу мақсатында жеке жә-не топта жұмыс істеу, ашық сұрақтарды пайдалану, дәлел ұсынуға ынталанды-ру, зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу, зерттеуге негізделген оқу және оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді. Өзі мәселені ше-шуге талпынып, көзқарастарын білдіріп, сөздік қоры байып, тілі жетіліп, өзін еркін сезініп, байқағанын, бақылағанын зерттеп, шығармашылық қабілеті, ой-өрісі, логикалық ойлау қабілеттері оянады. 

Бастауыш сыныптарда белсенді оқытуда сын тұрғысынан ойлау страте-гияларынның «Топтастыру», «Болжау», "Венн диаграммасы", "Т кестесі", "Ақылдының алты қалпағы", "Постер құру",“ Ыстық орындық”, “Автор орын-дығы”, "Қара жәшік", "Блум түймедағы" тәсілдерін тиімді пайдаланамын. "Сәйкестендіру", "Ретін анықта", "Семантикалық карта" "Иә/жоқ"сияқты тест жұмыстары және постер тапсырмасын бергенін өзінде "Галлерея", "Елші" әдіс-тері оқушының ойын жинақтауға әсер етеді. Бұл стратегияларды  әдебиеттік оқу,  дүниетану, қазақ тілі мен математика сабақтарында қолдану оқушылардың белсенділіктерін арттырып,   алған білімдерін еске түсіру және сын тұрғысынан ойлау дағдыларының дамуына ықпал етеді. "Қос шеңбер", "Терминдер кестесі", "Атаулар туралы 3 сұрақ", "Серпілген сауал", "Судан шыққан хат", "Теннис", "Конверттегі сұрақ", "Бірге ойлаймыз", "6 неге", "Қарлы кесек", "Шынжырдағы үзбелер", "Білім биржасы", "Өрмекшінің торы", "Білім биржасы", "Бағытталған оқу", стратегияларын қолдану барысында оқушылар топтық жұмыстар арқылы сыни тұрғыда ойлауға төселеді. Бір-бірімен біліммен және түсінігімен бөлісе отырып, бірлесіп белсенді жұмыс істейді. Болжам ұсынады, түсінігін кеңейтеді. Ал осы топтық жұмыспен бірге жұптық және жеке жұмыстар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге жатады. Бұл тәсіл- оқушылардың бірлесе отырып жа-уап іздеуіне, түсінуіне, шешім қабылдауына үлкен әсер етуші күш. Сабақ ба-рысында электрондық оқулықтарды пайдалану да өз нәтижесін береді. Та-лантты және дарынды балаларды оқыту модулінде талантты және дарынды оқушыларды анықтау, дамыту   мақсатында  ашық сұрақтар қойылып, ойларына ой салуға көңіл бөлінді.    

Оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалау модулі оқушының білім алуға деген ынтасының артуына көп мүмкіндік берді. Саналы түрде оқуға жетеледі. Баланы "нашар баға алдың" деп   қорқытқаннан гөрі оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін (топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс) тиімді, оңтайлы пайдалану арқылы бағалауды жүзеге асыру тиімді. Сабақ үрдісінде қалыптас-тырушы бағалау оқушының өз мүмкіндігін   анықтауға, әділ бағалауға үйретеді. Бұл арада ең тиімді тәсіл "Тир" арқылы бағалау болды. Себебі оқушы ойнай отырып өз жұмысын бағалайды. Ал "Бағдаршам", "Бас бармақ" арқылы топ ара-лық бағалау мен жұптарын бағалауда сәтті қолданылады. Топ басшысының  ба-ғалау парақтары арқылы бағалауы  тиімді болды. Кері байланыс оқушылардың ойын жинақтап, іс-әрекетіне бағалауға мүмкіндік беріп отыр. "Аяқталмаған сұрақтар", «Көңіл-күй маятнигі», "Блоб ағашы", "Кемпірқосақ", «Рефлексиялық нысана» техникасы, "Арал", "Қосу, алу, қызықты", "Рахмет...", «Үш  К және Ә», «Бүйір журналы», "SMS", "Табыс баспалдағы"   стратегиялары  арқылы оқушы ойын жинақтап, өзінің білімінің қай деңгейде екенін анықтауға,  жұмыс барысында кімдерден көмек алғанын не кімдерге көмек бергенін анықтаулары, диалогтік қарым-қатынасқа түсулерінің нәтижесін бағалаулары болып табылып отыр. Бұл өте тиімді деген пікірдемін. Сонымен қатар белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдастырудың тиімділігін анықтау барысында бастауыш сыныптар әдістемелік айлығын өткізудеміз. Әдістемелік айлықтар арқылы сабақты зерттеу барысында А,В,С деңгейлі оқушыларды ба-қылап, белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдас-тыра қолданудың тиімді екеніне көз жеткіздік.

Шульман айтқандай, мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егер де шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса, бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым – қатынас жасайды екен. Қандай ұстаз болса да  оның бастапқы  мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек, сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.
 
Бүгінгі баяндамамды осындай сөзбен аяқтағым келеді:

Табиғаты бойынша оқу үдерісі ойлаудан тұруы керек және ми құрылы-мында өзгеріс жасауға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген са-йын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады.   Хэтти (2014)


























«Надеждин орта мектебі»ММ










Баяндама



«Белсенді оқыту әдістері»









Такенова Алтын Байкановна

Бастауыш сынып мұғалімі







Затобол.а

2019 жыл


Похожие новости

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Комментариев 0