Сабақтың тақырыбы: Тілім менің – тірлігімнің айғағы (сайыс сабағы) Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету 2.Да
Сабақтың тақырыбы: Тілім менің – тірлігімнің айғағы (сайыс сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың барысы:
Ал енді құр отырмай, ойнайық.
Өз інінен шықпайды
Қане, кім шешуін табады?
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету
- Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Ал енді құр отырмай, ойнайық.
- Ойнасақ, ойнайық.
- Әуелі жұмбақ жасырайық.
- Ендеше баста.
- Дүниеде ең ащы не, ең тәтті не?
- Ол – тіл.
- Енді мен жұмбақ жасырайын.
Өз інінен шықпайды
Қане, кім шешуін табады?
- Бұл да – тіл.
- Дұрыс. ……., тіл туралы мақал-мәтел айтып көрші
- (оқушы тіл туралы мақал-мәтелдерді айтып шығады).
- 1989 жыл,22 қыркүйек: Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесі (статусы) берілді.
- 1993 жыл, 28 қаңтар: Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.
- 1995 жыл, 30 тамыз: республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабыл-данды. Конституцияның 7-бабында былай делінеді:
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
- Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
- Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
- Бәрекелді, жарайсың! Жаңылтпаш айтайықшы, көңілді болсын.
Комментариев 0