Мемлекеттік тіл күні

                                             Барысы

Оқушы:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкесің.

Қандай жақсы Қазақстанда   туғаным!

О, туған жер!

Тамашасың,көркемсің!

Жүргізуші: 

           Қайырлы күн,құрметті оқушылар және қонақтар! Сіздерді келе жатқан еліміздің мерейлі мерекесі-Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!Бүгін біз  сендерге   мереке қарсанында осындай ғажайып елімі туралы ән айтып, жыр толғаймыз.

          Біздің туып - өскен жеріміз -Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел.Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел-қазақ халқы.Қазақ халқы –ержүрек, достыққа адал, бауырмал,қонақжай халық. Қазақстанда өмір сүретін әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан бүгінгі күнде әлем таныған елге айналды.

Оқушы:

Көк аспандай көкпенбек Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен –тек,-елдің  ашық қабағы.

Ақ ниеті алтын күн, асқақ арман қыраны,

Жалауы бұл-халқымның мәртебесі туы ары.

Бұлт баспасын күнімді, тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды- қасиетті борышым.

Жүргізуші: 

Бұл оқыған өлең біздің республикамыз –Қазақстан туралы. Қазақстан жері өте кең,бай.   Табиғат-ана  біздің  жерімізге байлықты да, кеңдікті де аямай берген. Бүгін біз ауызша журналымызды парақтай отырып, туған еліміз туралы көбірек біле түсеміз.

Ауызша журналдың бірінші беті 

«Жер -Ана»-деп аталады. Қазақстан картасына қарасақ, біздің еліміздің аумағы өте кең, үлкен екенін байқаймыз.Оның аумағы 2млн.724 шаршы метр.Қазақстан территориясына 5Франция,немесе он Ұлыбритания сыйып кетеді екен. Республикамыздың жерінде Арал, Каспий сияқты үлкен теңіздер және 11мың өзен мен көлдер бар екен. Ертіс, Орал, Іле, Сырдария сияқты ірі өзендер мен Балқаш, Алакөл, Марқакөл сияқты үлкен көлдер бар.Біздің елімізде 134 ұлт өкілдері  өмір сүреді.

(картамен жұмыс)

Ауызша журналдың екінші беті 

«Ата-бабамыздың жерінде»-деп аталады.

Оқушы: 

Орманы пүліш, бұлағы күміс,

бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім.

Таулары заңғар,өзені ырыс,

Қазақстан –Республика менің!

Абай туған,Сәке туған, құрметте,досым,қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиард құйған,

Қазақстан -Республика менің!

(Cлайд көрсету)

Ауызша журналдың үшінші беті 

«Отан үшін отқа түс-күймейсің»-деп аталады.

Жүргізуші: 

Әр адам өінің Отанын-анам деп тануы керек. Түсінген адамға Отан-ол біздің асыраушы анамыз. Өйткені ол біздің нанымен, таза суымен асырап, жаулардан қорғайды.

         Ел тарихы,жер тарихы өзіміз, болашақтың қасиетті көзіміз.

         Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз, ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.   

Балалар, Отан туралы кім қандай мақал-мәтелдер біледі? 

Біз туған жерді сүйіп қана қоймай, қиын-қыстау кезеңде де қорғауымыз керек.Біздің ата-бабаларымыз   туған  жерді  бірнеше   рет  қорғауға  мәжбүр болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жүздеген  мың қазақстандықтар марапатталып, 500-ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 

Атамекенді қорғау қазақтар арасында ер азаматтардың артықшылығы емес еді. Ұлы Отан соғыс кезінде Мәншүк пен Әлия деген қыздар туған жерді қорғауға тік тұрып, ерлік көрсетті. Қиян-кескі ұрыстарға қатысып, қазақ жерінен  алыстан, өз Отанын қорғайтындарын нық біле отырып, жанын қиды. Халық оларды мақтан тұтады.

(Видеоматериал   Бауыржан Момышұлы,  Мәншук Мәметова, Әлия Молдагулова  туралы)


Ауызша журналдың төртінші беті 

«Арман қала -Астана»-деп аталады.


Жүргізуші: Тұрғанда  бодандықтың сұмдығы әдеп, 

бұлқынған бостандыққа мұнды жүрек.

 Сол кезде-ақ айтқан екен батыр бабам, 

«Ақмола қазақ   жерінің  кіндігі»-деп!..

Жел де емен, құздар да емен,тасқын емен, 

кеудемде тулап-толқын жатсын өлең. 

Тәуелсіз қазағымның   Астанасы, 

он асу, айбындап асты белең!

Балалар Астана туралы өлеңдерд мәнерлеп і жатқа оқиды



Ел ордам менің – Астана,
 Осында жаңа бастама
 Сәулетті зәулім үйлер көп,
 Көрікті сондай жас қала.


Астанама қарашы,
 Елімнің жас қаласы.
 Неткен ұлы, неткен кең,
 Қазағымның даласы!


Ардақталды Астанам,
 Мәртебелі бас қалам.
 Көркейе бер күн сайын,
 Алға қарай, бас қадам.


Астана қандай тамаша,
 Көз тоймайды қараса.
 Қандай керемет тамаша,
 Менде бар ғой бас қала.
 
 Оның аты Астана,
 Астананы қараса.
 Жүрегім соғады тамсана,
 Менің елім астана.


Ел ордам менің – Астанам,
 Астанам менің бас қалам.
 Зәулім-зәулім үйлер көп
 Өркендеген – Астанам.
 
 Арайлы таң Астанам,
 
Бір өзіңмен мақтанам
 Есіл өзен бойымен,
 Көркейген менің жас қалам.


Алтын күннің астында,
 Желбірейді туымыз.
 Қазақ деген халықтың,
 Ұлы менен қызымыз.

(видеоматериал  Астана қаласы)

Ауызша журналдың төрінші беті 

«Рәміздер »-деп аталады.

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, еліміздің тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттік нышандарды білесіңдер ме? 

-Оларды кім атайды?

-Елтаңбада не бейнеленген?

-Авторлары кім?

-Туда не бейнеленген?

-Тудың авторы кім?

-Түсі қандай?

-Әнұранның сөзін кімдер жазған?

-Музыкасын кім жазды?

Караоке «Көк тудың желбірегені» оқушылар ән шырқайды

Ауызша журналдың бесінші беті 

«Құстың күші қанатында, халықтың   күші  достығында»-деп аталады.


Жүргізуші:

Біздің  елімізде 16 миллион адам бір шаңырақтың астындағындай    ынтымақ-бірлікте өмір сүріп жатыр.Біздің елімізде  әр халық өз ана тілінде сөйлей алады.Біздің елде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін ұран: 

«Біз-Қазақстан халқымыз». Біздің Отан кең-байтақ, көп ұлттың мекені,біз құшақты кең жайсақ, әлем сыйып кетеді.Тату елміз табысқан, Қазақстан-бақстан! 

***

Дружба народов –не просто слова,

Дружба народов  навеки жива.

Дружба народов-счастливые дети,

Колос на ниве и сила в расцвете.

***

В нашем классе есть татарин
 И грузин и даже грек!
 Вася Годин друг – болгарин,
 И Рустам – вот человек!
 Когда вместе мы — смеёмся
 Обсуждаем игры вслух,
 Никогда мы не деремся
 И не дерг

***

Нас спросили: Что такое
 Когда дружит весь народ?
 И ответил я: Так вот
 У меня сестра Гузеля,
 В классе учится Ашот,
 Лучший друг Сережа Белкин –
 А в не-в-лучших — этот кот


На просторах Казахстана
 Много разных народов живет.
 Все народы, как братья равны,
 Всем народам — любовь и почет.
 Мир — солнышку и детям,
 Мир — природе, мир — весне!
 Мир — былинке, мир — планете!
 Мир — всем людям на Земле!



Ауызша журналдың  алтыншы  беті 

«Менің Отаным- Қазақстан»-деп аталады.

Оқушы:

Әйнегі-күн, шатыры аспан,

Кең дала...төсі толқыған егін.

Көлдері кокке  күмістер шашқан,

Қазақстан –Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысты елін.

Төлеген, Мәншүк батырлар   шыққан,

Қазақстан –Республикам   менің!


Жүргізуші:

Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер?

Кім жауап береді? 16 желтоқсанда қандай мерекені тойлаймыз? Биыл тәуелсіздік  алғанымызға  неше  жыл  толады?   


Жүргізуші:


Біз ауызша   журналды Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым»  деген   өлең

жолдарымен аяқтаймыз. Күйдің дыбысы естіліп тұрады.

Оқушы:

Ең бірінші бақытым -халқым менің
 Соған берем ойымның алтын кенін
 Ол бар жерде, мен бармын қор болмаймын,
 Қымбатырақ  алтыннан  нарқым  менің.
 
 Ал екінші бақытым -тілім менің,
 Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
 Кей- кейде дүниеден түңілсем де,
 Қасиетті тілімнен түңілмедім
 
 Бақытым бар үшінші- Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
 Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
 Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.


 
 




















Мақсаты: қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу


Міндеттері:

-Балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз еліне деген мақтаныш  сезімін тәрбиелеу;

-ұғымдарды бекіту: «мемлекеттік мерекелер», «еліміздің мемлекеттік рәміздері: ту,елтаңба, әнұран»


Көрнекіліктер: ҚР рәміздері, Қазақстанның физикалық картасы,

                           караоке, видеоматериалдар, слайдтар.





























                «Надеждин жалпы білім беретін мектебі» КММ








          Сыныптан   тыс іс- шара : «Отанға деген сүйіспеншілік»



                                         Жауапты мұғалімдер: 

                                Баянбаева К.И., Щербинина О.А.


























                                     2021-2022 оқу жылы

 

Похожие новости

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Комментариев 0