Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік күні"

Тақырыбы: Тәуелсіздік күні

Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы

ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.

Оқушылардың  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді  тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.





















Кіріспе

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік   таңы атты, тәуелсіздік  күніне  арналған    тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.

Мұғалім сөзі 

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

1-оқушы Адиль

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік  желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы  Куаныш

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

Мұғалім сөзі

 «Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға  халық батқан күн.

Намыс үшін күрессең  мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан  алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың

Видео көрсетіледі 

Желтоқсан желі өлеңі 

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің  оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын  кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген  1986 желтоқсан оқиғасының  қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы  егемендігі үшін күресті.

-Мың рет естігенше  бір рет көр демекші  назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық

Мұғалім:

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла  ақиқатты жақтады.

Назарбаев  атамды жұрт  қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген  атақты.

Алаңға шығып, ойын  айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге  тігіп  бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті  бастадым

Сол желтоқсан  оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Қуаныш:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

 Желтоқсан құрбандарын еске  алайық (1-минут  үнсіздік)

Хор  Атамекен (тыңдау)

Адиль: 

Астана біздің  сәніміз,

Білім біздің  нәріміз

Азат елдің  тірегі

Болайықшы  бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Викторина «Тәуелсіздіктің шыңы»

1.Қашан ҚР тәуелсіздігін алды?

(1991ж.  16-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды)

2.Қашан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді?     

 (1992ж. Қазақстан Біріккен  Ұлттар Ұйымына  мүше болып кірді )

3. Ұттық валюта теңгенің еңгізілуі қашан болды?     

 (1993ж. 15-қарашада –Ұлттық  Валюта  теңгенің  енгізілуі)

4. Жаңа конституция қашан қабылданды?       

(1995ж. 30-тамызда  Жаңа  конституция  қабылданды)

5.  Қай жылы «Қазақстан - 2030» бағдарламасы жарыққа шықты?   

1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан  халқына  Жолдауының  жарыққа шығуы.

6. Қай жыл Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды?  

  1998ж. Халықтар тұтастығы  мен  ұлттық  тарих жылы.

7.  Қай жыл Ұлттық тұрғындар санағы?   

 1999ж.  Ұлттық тұрғындар  санағы.

8. Қашан мәдениет жылы болды?    

 2000ж. Мәдениет  жылы.

9. Денсаулық жылы қашан жарияланды?    

 2002ж. Денсаулық жылы.

10. Қай жыл ауыл дамыту жылы?

2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы қашан болды?

2004ж. Парламент  мәжілісінің  кезекті сайлауы.

12. Бүкіл халықтық Қазақстан  Республикасының  Президентін сайлауы қашан өтті?

2005ж.  4-желтоқсанда  Бүкіл халықтық Қазақстан  Республикасының  Президентін сайлауы.

13. «Қазақ елі» монументінің  ашылуы қашан өтті?

2006ж. «Қазақ елі» монументінің  ашылуы.

14. Қазақстанның  қай жылға Еуропа Қауымдастығы мен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  етуі туралы шешім қабылданды?

2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  етуі туралы шешім қабылданды.

15. Астананың 10 жылдық мерейтойы қашан болды?

2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16.  ҚР. Халықтық санақ қашан жүргізілді ?

2009ж.  25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. ҚР.  Халықаралық Азияда  ойындары  қашан өтті?

 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында  ҚР.  Халықаралық Азияда  ойындары өтті.

18. Қай жылы алғаш Президент күні болып  жарияланды?

2012ж. 1-желтоқсан  алғаш Президент күні болып  жарияланды.

19. Қай жылы ЭКСПО көрмесі ашылды?

2017ж 10 маусымда ЭКСПО көрмесі ашылды 

Мұғалім сөзі

Халқымыздың  егемендік жолында  құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін  барынша  күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар  Шаханов, Хасен Қожа Ахмет  сынды  ағаларымыз  көп  еңбек  етті.

Әділдікті  қолдаймыз    

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды  ақтауға

Жаратылған жандаймыз.

 Ашылмаған  шындықтың,  

Іздеп жүрсіз жауабын,

Неше түрлі  сұмдықтың

Біліп обал  сауабын.

 Қайратты жан екенсіз      

Ақтатқан батыр Қайратты

Желтоқсанда қазақ та,

Сіздей  ермен  ардақты.

Көрініс       Күй   «Детство»

«Мейіржанның  хаты»

-Мейіржан сен  не жазып отырсың?

-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев атама  хат жазып отырмын.

-М-м-м.

Құрметті Нұрсұлтан ата!

Сізді  бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге  сіңірген  еңбегіңізді

 ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай  үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің  ерлік істеріңізді  жақсы білеміз. Сіздің  өміріңіз қашанда  бізге үлгі. Өскен соң біз де  сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз,  дүние  жүзіндегі абыройыңыз біз үшін  мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала болашағымыз»  деп өзіңіз  айтқандай,  жыл сайын бізге  жақсылық  жасап ортамызда  жүре беріңіз. Сіз ортамызда  жүрсеңіз, біз де сондай  бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздік мерекесі құтты  болсын»!

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде  «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры биік, халқымыздың  еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды  болсын, деп тілейік. Дүниені дүр сілкіндірген  1986 желтоқсан оқиғасының  қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы  егемендігі үшін күресті. Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш етейік, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етейік.

Туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдеріміз

елімізді, жерімізді  сүйейік, Отанын  қастерлеуге,

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

Халқымыздың  егемендік жолында  құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін  барынша  күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар  Шаханов, Хасен Қожа Ахмет  сынды  ағаларымыз  көп  еңбек  етті.

Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде  «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры биік, халқымыздың  еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды  болсын, деп тілейік.



Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Комментариев 0