Ахмет Байтұрсынов -ХХғасырдың ұлы тұлғасы

Сыныптан тыс іс-шара: «Ахмет Байтұрсынов -ХХ   ғасырдың ұлы тұлғасы» 

Мақсаты

Білімділік: Азаттық  таңын  аңсаған Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов   асқар тұлғасы туралы кеңінен мәлімет беру, өмір сүрген қоғамдық- әлеуметтік  кезеңімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды ұлылар өмірінен өнеге алуға, елжандылыққа баулу, ұлттық құндылықтарды сіңіру; өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілік: плакаттар, интерактивті тақта,слайдтар, үлкейтілген портреті,көрініске дайындалған костюмдер,  ақынның кітаптары, күй т.б.

Мұғалім : Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз қазақтың азаттық   таңын  аңсаған Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсыновқа арнаймыз. Бүгінгі біздің мақсатымыз   - біздің жерлесіміздің, біздің мақтанышымыз Ахмет Байтұрсыновтың  өмірі мен еңбектері, қоғамдық саяси қызметі жайында білім алу.   

Ахмет  Байтұрсынов – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тілі білімі мен әдебиеттануының  реформаторы. Халқымыздың  біртуар   перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі,  «Алаш» партиясының, «Алашорда» үкіметінің  негізін қалаушы көрнекті  мемлекет және қоғам  қайраткері, лингвист, түркі-танушы, әдебиеттанушы, ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913-1918) ұйымдастырушысы, әрі бас редакторы, сталиндік   қуғын-сүргіннің құрбаны (1872-1938)  қазіргі Қостанай облысындағы, Жангелдин ауданы Сарытүбек  ауылында  дүниеге келген.

(Слайд: А.Байтұрсынов портреті) 

(әр оқушы өз мәліметтерін айтып тұрған кезінде экранда  слайдтар көрсетіледі, күйде сол кезде үнтаспадан ойналып тұрады)  

1-оқушы:     Ахметтің саяси қызметі

Ахметтің саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді. 1905ж. Қоянды жәрменкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы  құзырхаты(петиция) авторларының  бірі болды.   Қарқаралы   құзырхаты

жергілікті   басқару, сот, халыққа білім беру істеріне  қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан  бостандығы, дін ұстану  еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға  рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің   мүддесіне  сай  заңмен   ауыстыру мәселелері көтерілді.Онда қазақ даласына орыс шаруаларын  қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату  талап етілген болатын. Сол кезеңнен  бастап жандарымдық  бақылауға   алынған Ахмет1909 ж. 1-шілдеде   губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып,  Семей түрмесіне жабылды.Оған  тағылған айыпта : халық арасына іріткі  салып «өзін-өзі автономиялық басқару  идеясын таратты», «орыстар мен қазақтар арасында өшпенділік қоздыру ісімен айналысты» деп көрсетілген.

(Слайд : Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызметі)

2-оқушы: 

Ресей Империянің Ерекше Кеңесі 1910 ж.19ақпанда Ахмет қазақ облыстарынан  тыс жерге  жер аудару   жөнінде  шешім қабылдады.Осы шешімге  сәйкес Ахмет Орынборда 1910 ж. 9 наурызда келіп,1917жылдың соңына дейін сонда тұрды.Ол осы қалада 1913-1918ж. өзінің  жақын сенімді 

достары Ә. Бөкейханов,   М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ, қазақ зияларының  қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ»  газетін шығарды. 1913жылдың   2 ақпан күні «Қазақ» деген  газет жарқ етіп дүниеге келді.Бас редактор-Ахмет Байтұрсынов.

(Слайд : Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов портреттері  )

3-оқушы: 

Қазақ  елінің  дағдарып, белгілі бір тоқтамға  келе алмай қиналған тұсы-орыстың басқа елдермен  соғысына қазақтан әскер жинау мәселесі еді.1916жылдың  жазында майдандағы қара жұмысқа  қазақтың  19-21 аралығындағы  жастарын алу жөніндегі патша жарлығы шықты. «Қазақ» газеті осы тұста тайсалмастан өз пікірін  ашық айтты.Халық арасында  пікірталас   ұйымдастырды. Байтұрсынов бастаған   біраз қазақ зиялысы  осы 

пікірлерді    тұжырымдап, жинақтағаннан кейін   бүкіл қазақ  халқының атынан Ресей Мемлекеттік кеңесі мен Соғыс  министріне жеткізді.Бұдан кейін Ресей Мемлекеттік думасындағы  Мұсылман фракциясының  төрағасы К. Тевкелев бас редактор  Байтұрсыновты   Мәскеуге арнайы  шақырып, фракцияның  мәжілісіне  қатыстыруға   мәжбүр болды. Думада  сөз алған Байтұрсынов  қазақтарға  жеке муфтилик ашу, егер қазақтарды  әскерге алса, оны  қара жұмысқа жекпей, атты  әскерлер   сапына қосу,  қазақ жеріне Ресейден қоныс  аударушыларды  дереу тоқтату керектігін  кесіп айтты. Бірақ, ақ патша  оған құлақ аспады. Оның соңы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске әкеліп соққаны тарихтан белгілі. 

(Слайд: ұлт азаттық көтеріліс)

4- оқушы: 

Орынборда бір рет, ал 1915 жылдан аптасына екі рет шыға бастаған «Қазақ» газетін Қазан, Уфа,   Мәскеу,  Томскі, Петербор жұртшылығымен  қоса  Қытай, Түркия қазақтары да алдырып оқыды.Бұл Ресей  жандармдарын одан сайын үрейлендірді. «Қазақтың»  тиражы  күн сайын көбейе түсті.

         Алғашқы кездері қаржы тапшылығына  байланысты «Қазақты»  үш-ақ

адам шығарғанын   бүгінде  екінің  бірі біле   бермейді.Олар- редактор А.Байтұрсынов, техникалық   редакторлары  және  таратушылары-Ахметтің жұбайы  Александра Ивановна  мен қызы   Шолпан еді.1918 жылы газет жабылды. Осы аралықта  265 нөмірі   жарық көрді. Тиражы 3мың  данадан

 8 мың данаға жетті.Алаш арыстары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев,  М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С.Торайғыров, Жанша  және 

Хәлел Досмұхамедовтер, тағы басқа  елге танымал қаламгерлер «Қазақ» газеті үшін  аянбай тер төкті.    

(Слайд «Қазақ» газеті)

5-оқушы: Қызылдардың   келуімен  тоқтап  қалған   сол  газет  араға 88 жыл үзіліс салып, 2006 жылдың  22 науырызының, 266-санынан бастап қайта шығып, қауым  халқымен көзайым болып қайта қауышқаны белгілі. Бұл күндерде барша алаштың тар жол, тайғақ кешулі күресінің айғақтарына толы ата басылым өзінің   жүз жасаған   ғасырлық тойын атап өтті. Жаңа заманда өшкенді жандырып «Қазақ» газетін қайта шығарушы әрі бас редакторы қайсар қаламгер Қоғабай Сәрсекеев. 

 (Слайд «Қазақ» газеті)

6- оқушы:  Бадрисафа 

Ахметтің жары Александра Ивановна жайында аздаған ақпарат бере кеткен артықтық  етпейтін сияқты. 1878 жылы Ресейдің Челябі облысында дүниеге келген.Бұл кісінің ұлты орыс.Бірақ, Ахмет пен отау құрғаннан кейін мұсылман   дінін қабылдап, Бадрисафа  деген есімді иеленген. Осы есіммен ел есінде   сақталып қалды.Қазақ жеріне қоныс аударған әке-шешесі  Қостанай 

қаласынан 100шақырымдай жердегі Әулиекөл  ауылына табан тірейді.Ресейде  арнайы білім алған Александра Ивановна осы жердегі  орыс-қазақ  мектебіне   мұғалім болып орналасады. Осы мектепке Ахметте 1895 жылы мұғалім болып қызметке тұрады. Осында болашақ жары Александрамен  танысады.Ақыры, 1896 жылы екеуі  некелерін қидырады.

Мешіттің имамы Зейнулла   ишанға Александраның ұлтын –татар, аты-жөнін 

Байтұрсынова Бадрисафа Мұхаммедсадыққызы деп жазғызады. «Бадри» арабша «толған ай» деген мағынаны, «сафа» -«мөлдір,тұнық, таза» деген ұғымды білдіреді. Ел арасындағы ақ келін   атанған Бадрисафа өмірінің соңына дейін шариғат заңдарын пір тұтып, сүйген жары үшін басын тігіп өтеді. Ахметті атқаннан кейін Бадрисафаны   Свердлов облысына жер аударды. Қазақ  азаматын құлай сүйіп, оның өзіне де, қазақ атты ұлтына да адалдығын айғақтап өткен ару Александра-Бадрисафаны  Кеңестік жандармдар ақырында жындыханаға апарып тықты. Ол сол жерден қайтып 

шықпады. Әулиекөлде   Бадрисафаға қазақтар ескерткіш орнатты. 

(Слайд:  Бадрисафа)

7-оқушы:1921-1929 жылы Байтұрсынов  халық   жауы ретіндеАрхангельскіге   жер аударылды.Бадрисафа сүйген жарына адалдығын сақтай білді.Сол үшін қызы Шолпанмен  бірге Томск  облысына жер аударылады. Патша жандармдарына   бұл да аздық етсе керек, біраздан кейін  Шолпанды  Томскіде қалдырады да, Бадрисафаны Батыс Сібірге жер аударып, ағаш кесу жұмысына салады. 1934 жылы орыс жазушысы М.Горькийдің жұбайы Е.П. Пешкованың көмегімен Ахмет отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бірақ, қазақ ұлтының көсеміне қызмет табылмады. Денсаулығы  нашарлай бастаған жары Бадрисафаны аман алып қалу үшін Ахмет күнкөріс қамына кірісті. Мұражайда күзетші, туберкулез диспансерінде   санитар  болып та жұмыс істеді. Кеңестік жаналғыштар Ахметке мұны да көп көрді.1937 жылдың 8 желтоқсанында ақыры атып тынды.

(Слайд: А.Байтұрсынов )

2-жүргізуші:  Өмірің өз халқы   үшін, өз Отаны үшін қиған Ахмет Байтұрсыновтың  есімі көшелерге, мектептерге, жоғары оқу орындарына берілді. Алматыда  А. Байтұрсынов  мұражайы жұмыс істейді. «Қазақ» газеті 

қазақ   журналистиканың  қарлығашы ретінде  журналистика факультеттерінде  оқытылып келеді, оқытыла береді.

           Егіз өрім өмірдің  өнегесі келешек ұрпақ үшін таусылмайтын қазына екендігі даусыз.

            Ұлтына, еліне, ғылымға, әдебиетке арымен беріліп, оған адал қызмет еткен А. Байтұрсынұлы еңбегінің Қазақ елі тарихында алатын орны айрықша зор екенін   26 жасар  замандасы –М. Әуезов былайша тұжырымдапты: «Ақанның бұрыңғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарынәлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып , Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он-он бес жыл бұрын:

Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,

Кім қалды таразыға тартылмаған, -деп  Ақан айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ақанның ғана ардақты атын атаймыз».

 (Слайд:  Қостанай қаласындағы А.Байтұрсыновтың атындағы университет, М. Әуезовтің портреті, айтылған сөздері)

8-оқушы:

Ақан ашқан қазақ мектебі, Ақан түрлеген ана тілі, Ақан салған әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына   істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты- біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын». 

Мұғалім:  «Егіннің бастар »,«Қайыршы мен Қыдыр»

атты  мысалдардан қысқаша көріністерді оқушылардың орындауында көресіңдер. 

9-оқушы: «Оқуға шақыру» өлеңі 

10-оқушы: «Жұртыма» өлеңі

Мұғалім:Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деп азаттық таңын аңсаған Алаштың арыстаны Ахмет Байтұрсынов арманына жете алмай арманда кетті.Бар өмірін күреске арнаған отаршылдықтың шынжыр бұғауын тас-талқан етер күнді аңсап, тезірек жетуін асыға күтеді. Репрессияға ұшыраған ақын,ғалым, жазушы,қоғам қайраткері, аудармашы ақталды. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда.Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Комментариев 0