Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме жүргізілді. Әңгімені әлеуметтік педагог Бучковская Т.В. өткізді. «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әңгіме 7 «Б» сынып оқушыларымен болды. Әңгіме барысында оқушылар сүйіспеншілік және мейірімділік терминдерін мағынасын талдаса, әңгіменің аяғында осы тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. 

«Балаға жүрек жылуы» С.А. Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді. 9 «А» сыныбы С.А.Назарбаева арналған бейнефильмді талқылады. Ал 4 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Арсламбекова Л.К. бірге Сара Алпысқызының еңбек жолына шолу жасады. 7 және 8 «А» сынып оқушылары «Бөбек» қорының  негізін қалаған  Сара Алпысқызының өмірбаянымен танысты.

Надеждин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы(жалпы мектептік салтантты саптық жиында) өткізілді. Салтанатты жиынға барлық оқушылар қатысты. 3 оқушы сүйіспеншілік туралы өлең жолдарын оқыса, оқушыларға Сара Алпысқызы Назарбаева арналған бейнефильм көрсетілді.

Мемлекеттік тілде оқытылатын 5-11 сынып оқушыларының жаратылыстану-математика пәндері бойынша "Ғажайып алаңы" сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Іс-шараны физика және информатика пәнінің мұғалімі Серикова Г.Ж., математика пәнінің мұғалімі Саматова Г.К.,  биология және химия пәні мұғалімі Зарлықанова Ә.Т. ұйымдастырды. Тапсырмалар жаратылыстану-математика бағытында логикалық сұрақтардан құрастырылды. Сыныптан тыс іс-шара оқушыыларға қызықты болды. Оқушылар белсенді қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Опрос

Оцените работу сайта

Другие опросы...